Алматы қаласы бойынша «Атамекен» ҰКП қосымша мамандықтарды игеру бойынша тегін курстар оқытыла бастады. Қысқа мерзімді оқыту нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылғандықтан білім алушылар үшін оқу ақысы тегін әрі шәкіртақы қарастырылған.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарын жұмыс іздеп жүрген әрі жұмыссыз азаматтар азаматтар үшін тиімді. Бір айдан бастап алты ай мерзімге созылатын оқыту курстарына Алматы қаласының жұмыспен қамту, сондай-ақ «Атамекен қолдау орталығы» мобильдік орталығында жазылуға болады. Қазір кезде 85 оқу орталығы ашылған. Талапкерлер үшін қырыққа жуық мамандықтың бірін таңдау мүмкіндігі бар.
Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Вера Цзин атап өткеніндей, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру кәсіпорындар базасында оқытылады. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының алғашқы бағыты бойынша биылғы жылы «Атамекен» ҰКП Білім беру ұйымдарының тізіміне қосымша 65 білім беру ұйымы енген. Осы бағытта соңғы екі жылда жиырмадай оқу орталығы ашылса, қазіргі кезде олардың қатарында 85 білім беру ұйымдары, оның ішінде 53 кәсіпорын мен қауымдастықтар, 10 дербес орталық пен 22 колледж бар.
АЛМАТЫ