«Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығының» иегерлері белгілі болды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жеңімпаздардың есімін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялады.
«Биыл Назарбаев сыйлығымен бір мезгілде екі бірдей адамға берілді. МАГАТЭ-нің бас директоры болған, марқұм Юкия Аманоға және Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт ұйымының атқарушы хатшысы Лассино Зербоға беру туралы шешім қабылданды. Юкиа Амано МАГАТЭ басшысы лауазымында халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға, яд ролық қаруды таратпауға және ядролық атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласына үлес қосты. Қазақстанда төмен байытылған уран банкін құруда және Иран ядролық проблемасын шешуде маңызды жұмыстар атқарды. МАГАТЭ қызметінің басым бағыт тарының бірі - обыр ауруларымен күрес және ядролық техн о логияларды су ресурстарын басқару, азық-түлік қауіпсіздігін басқару саласында қолдану болды», - деді Мемлекет басшысы . Ол сондай-ақ, Лассино Зербоның да осы салаға қосқан үлесін атап өтті.
«Сонымен қатар, Лассино Зербоның да қызметін атап өту маңызды. Оның күш-жігері ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шартты мониторнигілеу бойынша халықаралық желіні құру жұмыстарын аяқтауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, ол осы шарт ұйымының жастар тобын құруға да бастамашы болды. Юкия Амано мен Лассино Зербо ядролық қаруды таратпауға және әлемдік қауіпсіздікке қомақты үлес қосты. Сондықтан бүгінгі Назарбаев сыйлығы лайықты тағайындалды деп ойлаймыз» - деді Президент.