Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы А.Гуттериш «Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығын» табыстау рәсіміне қатысушыларға видеоүндеу жолдады. Видеоүндеуді Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында жариялады.
«Мен үшін Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күнінде өтіп жатқан салтанатты рәсімде сөйлеу үлкен құрмет. Ядролық сынақтардан бас тарту және ядролық қарудан азат әлемді құру – Біріккен Ұлттар Ұйымының жоғары басымдықтарының бірі. Қазақстан бұл мәселеде біздің басты қолдаушыларымыздың бірі болды. Мен Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа салада атқарған жұмысы мен аталмыш сыйлықты тағайындағаны үшін алғысымды білдіремін», деп айтты Антониу Гутериш.