• RUB:
    5.28
  • USD:
    481.63
  • EUR:
    534.46
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Тамыз, 2019

Арыс: Нұрсұлтандықтар екі айда 200-ден астам нысанды толық қалпына келтірді

324 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Арыстағы 1467 тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аталған санның  642-сі жеке үйлер болса, қалған нысандар көп пәтерлі тұрғын үй қатарында. Бұл тұрғын үйлерде 750 ден астам пәтер бар. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Бүгінде 536 жөндеуді қажет ететін нысанның 215 нысаны толық күрделі жөндеуден өткізіліп, қалпына келтірілді. Қалған нысандарда күрделі жөндеу жұмыстары 90 пайызға аяқталды. Аталған жұмыстарға 34 құрылыс фирмасы, 1400 маман жұмылдырылған.

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне жүктелген 699 нысанның 500 ден астамына жөндеу жұмыстарын жүргізсе, қалған тағы 163 үйді  құрылысшылар нөлден бастап тұрғызуда. Бүгінде құрылыс жұмыстары қызу жүргізілуде» - деді қала әкімінің орынбасары Алтынбек ҚАЙСАҒАЛИЕВ.

Алғашқы күннен бастап арнайы құрылған штабқа өтініш пен өз мәселесін айтып келетін тұрғындар көп. Мамандар барлығымен жеке тілдесіп, мәселенің түйінін шешуге тырысуда.

«Біз санға емес, сапаға жұмыс жасап жатырмыз. Әр бір үй мен нысанның құрылыс жұмыстары тыңғылықты жасалып, құрылысшылар өз жұмысын аса жауапкершілікпен атқаруда» - деді жарыс болған аймақтан «Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ-нің жетекшісі Төлеген ҚҰЛҰШЕВ.

Оның сөзінше, қалпына келтіру жұмыстары жоспар бойынша жүргізілуде. Құрылысшылар алдымен үйдің шатырын, терезесі мен есігін ауыстырып, сонан соң үйдің ішкі құрылыс жұмыстарына өтеді. Бұл тұрғындарға өз үйіне жылдам көшуіне мүмкіндік береді.

Құрылыс жұмыстары толығымен қазан айына дейін бітеді деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар