• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Тамыз, 2019

Отбасы құндылықтарын насихаттайтын «Бақытты отбасы» байқауы өтті

466 рет
көрсетілді

Отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы институтының жұмысын жетілдіру мақсатында  Алматы қаласының Әділет басқармасында «Бақытты отбасы» байқауы өтті.

Әділет басқармасы Баспасөз қызметінің өкілі Асемгүл Батыргерееваның айтуынша, байқаудың қазылар алқасына отызға жуық жұмыс келіп түскен. Барлық отбасының оқиғасы қызықты да, ерекше. Ал қорытындысын шығарып, жеңімпаздарды іріктеу оңайған соққан жоқ. Қалалық әкімшіліктің өкілдерімен қатар «Родник» ҚҚ Нина Балабаева, «Отбасын қолдау ресурстық орталығының» үйлестірушісі Александр Братенков,  блогерлер Мейржан Туребаев пен Есеева Дана, т.б. бұл байқаудың жыл сайын өткізілгенін қалайды. 

Салтанатты шара барысында І орын қиын жылдарда отбасын құрып, интернационалды шаңырақта сыйластық пен түсіністікте ғұмыр кешкен Валентина Щуникбаеваға бұйырды. Ал ІІ орынды  Ернар Сарсеев еншіледі. Ол болашақ жарымен радио эфирі арқылы танысқан. Бірақ байланыстары үзіліп, олар кездесе алмады. Алайда арада он жыл өткенде олар мейрамханада табысып, үлкен отбасына айналды. Ернар мамандығы заңгер, жары Адепа бала тәрбиесімен айналасып, шаруашылығын жүргізіп отырған жан.

ІІІ орынға 9-сынып оқушысы Лейла Шардинова лайықты деп табылды. Ол өзінің үлкен отбасы туралы әңгімелеп, аталары мен әжелерінің үйлену тарихы жайында баяндады.  Осы үлкен отбасының мүшелері демалыс күндері бас қосып, ынтымағы жарасып келеді.  

 

АЛМАТЫ