Smart Astana мобильді қосымшасында қайырымдылық ұйымдарының краудфандингтік платформасы іске қосылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова өзінің телеграм каналында (https://t.me/MBekturova) хабарлады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
«Қазір қайырымдылық ұйымдарының краудфандингтік платформасын іске қостық. Сіздер тез әрі қауіпсіз түрде қайырымдылық жобаларының есебіне садақа бере аласыздар», деп жазды Малика Бектұрова.
Сондай-ақ, оның айтуынша, Smart Astana қосымшасында 70-тен астам сервис пен қызмет бар. Бұл бағдарламаның көмегімен дәрігердің қабылдауына жазылып, оны үйге шақырып, өзінің салықтық мәртебесін, денсаулығына байланысты жұмысқа уақытша жарамсыздығы туралы анықтаманың түпнұсқалығын тексеруге және т.б. істеуге болады.
Жаңа оқу жылының алдында Smart Astana бояулары дайын болды. Енді елорданың цифрлық мүмкіндіктері туралы суретті бояу арқылы білуге болады. Оны жүктеу тегін, бұған қоса олар балабақшалар, мектептер, сауда орталықтары, емханалар, ауруханалар және т.б. жерлерде қолжетімді болады.