• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Спорт 30 Тамыз, 2019

Капитан тағы көш бастады

252 рет
көрсетілді

«Вуэлта» Испания» велокөпкүндігінің кезекті 5-ші кезеңі 170,7 шақырымдық Ла-Эльяна – Альто де Хаваламбре аралығын жалғады. Бұл жолы пелотоннан ерте қара үзіп кеткен үштік өзара жеңімпазды анықтады.

Мәре сызығын Burgos-BH командасының өкілі Анхель Мадросо бірінші болып қиды. Одан аталған команданың келесі бір велошабандозы 10 секунд кейін келді. 3-ші орын 22 секунд кешіккен Cofidis өкілі Xoce Херрадаға бұйырды. Ал «Астананың» капитаны Мигель Анхель Лопес негізгі бәсекелестерін «шаң қаптырып», мәреге 4-ші болып жетті. Ол жеңімпаздан 47 секунд қалып қойды. Соған қарамастан қайтадан көш бастаушының қызыл жейдесін киді.

 

Алмас МАНАП,

«Egemen Qazaqstan»