• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
30 Тамыз, 2019

Қызылордада Конституция күні аталып өтті

221 рет
көрсетілді

Н. Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық музыкалық-драма театрында Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті.  Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов қызылордалықтарды мерекемен құттықтады.

"Конституцияның өзекті ережелеріне сүйене отырып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатымен ел тағдыры үшін өмірлік маңызы бар жаңарулар жүргізілді. Бүгінгі күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен Тәуелсіз еліміз жаңаша қадамға жол ашып келеді. Ата Заңның аясында халықтың әл-ауқатын арттыруға қарқынды жұмыстар қолға алынды. Тұрмысы төмен, әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтар мен отбасылар үшін атаулы әлеуметтік көмектер беріліп, тұрғын үйлермен қамтамасыз етілуде. Жоғары және кәсіби орта білім алам деген жастарымыз үшін жол ашылып, гранттардың түрі көбеюде. Ұстаздардың еңбекақысы кезең-кезеңімен төрт жыл ішінде екі есе өседі. Бір сөзбен айтқанда, Конституция Тәуелсіздігіміздің кепілі ретінде бірлігімізді бекемдеп, экономикамызды нығайтуда, әлеуметтің әлеуетін арттыруда берік тұтқаға айналды", - деді аймақ басшысы.

Іс-шара мерекелік концертке жалғасты.