• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
30 Тамыз, 2019

1 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда Абай атындағы мектеп-гимназия есігін айқара ашады

183 рет
көрсетілді

1 қыркүйекте елордада Абай атындағы №87 мектеп-гимназияның ашылу рәсімі өтеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа мектеп ғимараты А.Иманов және Е.Брусиловский көшелерінің қиылысында орналасқан.

Іс-шараға Премьер-Министр Асқар Мамин, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов және Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қатысады деп жоспарланған.

Сондай-ақ қатысушылар Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ашылған  «Абайтану» кабинеті мен мектеп мұражайын көре алады. Мектеп оқушылары өздерінің жобаларын «Жасыл технологиялар» және «Виртуалды ғылыми зертханалар» кабинеттерінде қонақтарға ұсынады.