Ертең Қазақстанның бірнеше өңірінде қатты жел соғып, найзағай мен бұршақ болады. Бұл туралы "Қазгидромет" мамандары хабарлады.
Синоптиктердің мәліметінше, 31 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Петропавлда найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні күндіз 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с сақталады.