• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Футбол 30 Тамыз, 2019

«Астана» «Манчестер Юнайтед» командасымен ойнайтын болды

493 рет
көрсетілді

Футболдан UEFA Еуропа лигасы топтық кезеңінде елордалық «Астана» Англияның «Манчестер Юнайтед» командасымен ойнайтын болды.

«Астана» ағылшын клубымен бірге L тобына түсті. Олардан өзге бұл топта Сербияның «Партизан», Голландияның «Алкмаар» клубтары бар.

Топтық кезең ойындары 19 қыркүйекте басталып, 12 желтоқсанда аяқталады. Финал 2020 жылдың 27 мамырында Польшаның Гданьск қаласындағы «Энерга-Гданьск» стадионында өтеді.

Кеше «Астана» Еуропа лигасы плей-офф кезеңінде Беларусьтің БАТЭ командасын қос ойынның нәтижесімен орта жолда қалдырып кетті.