Бұл туралы Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауында айтты.
«Президент: жақында болған қайғылы оқиғалар ұйымдасқан қылмыстың қауіпті түрі ретінде браконьерлер мәселесін көрсетті. Үкіметке екі ай ішінде тиісті заңнаманы қатаңдату жөнінде қажетті шаралар қабылдауды тапсырамын», деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі Twitter парақшасында.