Бүгін Сенат отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары палата Төрағасы лауазымына Дариға Назарбаеваның кандидатурасын ұсынды. Мемлекет басшысының ұсынысын ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев оқып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваны Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы лауазымына сайлауды ұсынамын», - делінген Президент ұсынысында.
Қазіргі уақытта Сенат Төрағасын сайлау жөніндегі арнайы комиссия құрылып, дауыс беру рәсімі өтіп жатыр.