Ресейдің Қазан қаласында көркем гимнастикадан әлем кубогы жарысы мәресіне жетті. Жаһандық додаға Қазақстан құрамасынан Адина Әділханова мен Адиля Тілекенова қатысқан болатын.
Көпсайыста жалпы есебі 56 гимнаст бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша, Әділханова 24-ші, Тілекенова 26-шы орын алды. Әлем кубогының бас жүлдесін ресейлік Дина Аверина жеңіп алды. Күміс жүлдені Арина Аверина (Ресей) олжаласа, қола медаль болгариялық Катрин Тасеваға бұйырды.