• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
27 Наурыз, 2013

«А»-ға ауысу

237 рет
көрсетілді

«А»-ға ауысу

Сәрсенбі, 27 наурыз 2013 2:21

Алда не күтіп тұр?

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегия­сы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жол­дауын­да орталықсыздандыру идеясын ұсынып, оның мәні ең алдымен мемлекеттік басқару жүйесінің сапалық өзгерісін көздейтінін атап көрсеткен болатын. Осыған орай «Мемлекеттік қызмет бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға орай, 26 наурыз, яғни кешегі күннен бас­тап, елімізде мемлекеттік қызметтің жаңа моделі енгізілген еді.

 

Сәрсенбі, 27 наурыз 2013 2:21

Алда не күтіп тұр?

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегия­сы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жол­дауын­да орталықсыздандыру идеясын ұсынып, оның мәні ең алдымен мемлекеттік басқару жүйесінің сапалық өзгерісін көздейтінін атап көрсеткен болатын. Осыған орай «Мемлекеттік қызмет бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға орай, 26 наурыз, яғни кешегі күннен бас­тап, елімізде мемлекеттік қызметтің жаңа моделі енгізілген еді.

Төменде осы демократиялық өзгерістерге байланысты өңірлерде жүргізілген сауалдамаға орай жауаптар жарияланып отыр.

__________________

Алғышарттарға негіз бар

«Мемлекеттік қызмет бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға орай 26 наурыздан бастап елімізде мемлекеттік қызметтің жаңа моделі енгізілді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында айтылған қағидат­тарды жүзеге асырудағы мақсат – халыққа және мемлекетке қыз­мет етуді барлығынан жоғары қоятын кәсіпқой мемлекеттік аппарат қалыптастыру. Енді дәстүрлі әкімшілік жүйені мемлекеттік қызметтің кадрлық құрамын іріктеу және кәсіби даярлықтың жетілдірілген әдістемелерін енгізу талаптары алмастыратын болады.

Мемлекеттік аппараттың реформалануынан ұтарымыз көп. Ең бас­тысы – кәсіби басқарушылар кор­пусын жасақтау нәтижесінде мем­лекеттік қызметтің сапасы­ түбегейлі артатын болады. Олар­дың үлкен шоғырын «А» корпусына біріктіру арқылы ерекше кәсіби, біліктілік талаптары жүктеледі. Отандық заңдарды білу, мемлекеттік тілді меңгеру, проблемаларды шеше білу, халықпен қоян-қолтық байланыс жауапкершілігі бірінші кезекке қойылады. Бұл жаңа тұрпатты топ қандай да бір артықшылықтарға ие болады деген сөз емес. Керісінше, іріктеу барынша ашық та қатаң жүргізіліп, кәсіби іскерлігі жоғары, халық, ел мүддесін бірінші орынға қоятын кадрлар резервін жасақтауға мүм­кіндік туады. Бұдан былай мем­лекеттік қызметкерлердің жеке тұлғалық құзыретін бағалау, өз қыз­метіне лайықтылығы шынайы жұмысымен өлшеніп, мем­лекеттік бағдарламалық тапсырмаларды орындауы қатаң сұралатын болады. Осылайша жеке жауапкершілікті күшейту «командалық» сапырылысқа тыйым салары, мемлекеттік аппараттың жұмысын түбегейлі жақсартары, жемқорлықпен күресті күшейтері анық.

Мемлекеттік қызметкерлердің ойлау деңгейі, жұмыс істеу жүйесі әр­түрлі. Араларында өз істерін же­тік білетіндері де, әупіріммен жүр­ген­дері де бар. Ал «А» корпусын құру мемлекеттік қызмет саласында еңбек еткісі келген кез келген адамды, әсіресе, жас буынды отандық басқару жүйесіне кеңінен тарта отырып, кәсіби машығын төселдіруге, ұйымдастырушылық қабілетін шыңдауға алғышарттар жасайтыны кәміл.

Қайырлы ЕДІРЕСОВ,

Солтүстік Қазақстан облыстық

мәслихатының хатшысы.