Кездесу барысында мұнай секторындағы бірқатар жобаларды жүзеге асыру және Қазақстан мен «Шеврон» компаниясы арасындағы өзара іс-қимылдардың келешегі туралы сөз болды. Сонымен қатар, жаңа инвестициялар салу мүмкіндігі қарастырылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы Майкл Уиртқа жемісті ынтымақтастық үшін алғыс білдіріп, біздің елімізде шетелдік бизнеске жасалған қолайлы инвестициялық ахуалды атап өтті.
Майкл Уирт Қазақстан ұзақ уақыттан бері «Шеврон» компаниясының маңызды серіктесі болып келе жатқанын атап өтті. Америкалық бизнесмен басшылық құрамының 77% қазақстандықтар болатын, «Теңізшевройл» еншілес компаниясының менеджерлерінің кәсібилігін жоғары бағалады. Бұл көрсеткіш өзара ынтымақтастықтың нығаюына қарай арта беретінін айтты.