• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 04 Қыркүйек, 2019

Күрес: Бас бапкер өз таңдауын жасады

315 рет
көрсетілді

14-22 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Барыс Арена» спорт кешенінде өтетін әлем чемпионатында Қазақстанның грек-рим күресі шеберлері қандай құрамда өнер көрсететіні белгілі болды.

Ұлттық командамыздың бас бапкері Бақтияр Байсейітов жылдың осы ең басты жарысында мына шәкірттеріне сенім артты:

55 кило ­– Қорлан Жақанша,

63 кило – Алмат Кебіспаев,

67 кило – Мейіржан Шермаханбет,

72 кило – Демеу Жадыраев,

77 кило – Асхат Ділмұхамедов,

87 кило – Азамат Құстыбаев,

97 кило ­– Ерұлан Ысқақов,

130 кило – Дамир Күзембаев.

Ал 60 және 82 кило салмақ дәрежелері бойынша кімдердің күресетіні әлі анықталған жоқ. Себебі, әр салмақта қос үміткерден бар. Олар – Мейрамбек Айнағұлов пен Айдос Сұлтанғали (60 кило) және Мирас Баршылықов пен Мақсат Ережепов (82 кило). Алдағы жұма күні айтулы балуандар бір-бірімен күреседі. Сол тартыста жеңгені айтулы додада ел намысын қорғайды.

 

Бір айта кетерлігі, әлем чемпионаттарындағы өздерінің соңғы бас жүлдесіне Қазақстанның грек-рим күресі шеберлері сонау 1999 жылы қол жеткізген. Содан бері табаны күректей 20 жыл өтті. Енді сол олқылықтың орны Нұр-Сұлтанда толығады деп үміттенеміз.