Сыртқы істер министрлігінде Сыртқы саяси ведомствоның басшысы Бейбіт Атамқұлов Лесли Ача Опоку-Уаре (Гана Республикасы), Карстен Сендергорд (Дания Корольдігі), Майк Санго (Зимбабве Республикасы), Андрей Негуц (Молдова Республикасы), Джон Мацца (Сан-Марино Республикасы), Бранко Раковец (Словения Республикасы), Симон Марко Мумви (Танзания Біріккен Республикасы), Манас Такгисакибау (Фиджи Республикасы) Қазақстанда міндетін қоса атқарушы шетелдік елшілерді қабылдады. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында шетелдік елшілер Қазақстанның сыртқы саясатының басымдықтары және Үкімет тарапынан жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы ақпаратпен кеңінен таныстырылды.
Тараптар жоғары деңгейдегі байланыстарды дамытуға, екіжақты тауар айналымының өсуіне жәрдемдесуге, мәдени және қоғамдық байланыстарды дамытуға келісті.
Өз кезегінде шетелдік дипломаттар Қазақстанның тәуелсіздік жылдары қол жеткізген сыртқы саяси және экономикалық жетістіктерін жоғары бағалады.
Елдің сыртқы саяси ведомствосының басшысы шетелдік елшілерге екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жемісті қызмет тіледі.