• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Қыркүйек, 2019

Бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өтеді

263 рет
көрсетілді

Бүгін Нұр-Сұлтанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өтеді. 

 

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі – Қазақстан Президенті жа­нын­дағы консультативтік-кеңес­ші орган.

Кеңестің негізгі мақ­саты – жұртшылықтың, саяси пар­тиялардың, азаматтық қоғам өкіл­дерінің қатысуымен мемлекеттік саясатқа қатысты өзекті, маңызды мәселелер бойынша бастамаларды, ұсыныстарды тұжырымдау. Сонымен қатар тұжырымдамалардың, мем­лекеттік бағдарламалар мен нор­мативтік-құқықтық актілердің жобаларына қоғамдық сараптама жүргізу, жұртшылықтың, азаматтық қоғамның пікірін ескере отырып маңызды стра­тегиялық проблемаларды қарау, сындарлы диалогты қамтамасыз ету – кеңестің негізгі міндеттері.

Ұлттық кеңес құ­рамына саяси партиялар өкіл­дері, қоғам белсенділері, сарапшылар, жастар ұйымдарының көш­бас­шылары енген. 

Осыған дейін Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің Бірінші отырысын 2019 жылғы 6 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өткізу жоспарланғанын хабарлаған еді.