• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 06 Қыркүйек, 2019

Көркем гимнастика: Үш аруымыз әлем чемпионатына қатысады

123 рет
көрсетілді

16-22 қыркүйек аралығында Әзірбайжанның бас шаһарында көркем гимнастикадан әлем чемпионаты өтеді.

Командалық және жекелеген спортшылар арасында Токио Олимпиадасының лицензиялары сарапқа салынатын айтулы жарыста Қазақстан құрамасы сапында Алина Әділханова, Роза Әбитова және Адиля Тілекенова өнер көрсетеді.   

Естеріңізге сала кетейік, былтырғы жылғы әлемдік дода Болгарияның астанасы ­– Софияда ұйымдастырылған болатын. Айтулы жарыста сарапқа салынған тоғыз алтын медальдің жетеуін Ресей құрамасы жеңіп алған еді. Тағы екі бас жүлде Италия мен Болгария гимнасшыларына бұйырды.