• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Спорт 10 Қыркүйек, 2019

Шахмат: Алматыда Азия чемпионаты өтуде

369 рет
көрсетілді

Алматыда шахматтан Азия чемпионаты басталды. Айтулы додада 16 мемлекеттен келген 70 ойыншы бақ сынауда. 

Осы жарыста алғашқы жүрісті шартты түрде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт комитетінің төрағасы Серік Сәпиев, Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі Уәлихан Тен және Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Еркін Исраилов жасады. Содан кейін шаршы тақтадағы шиеленісті тартыстар басталды. Бұл бәсекелер екі жас ерекшеліктері бойынша өтуде: 50 жастан жоғарылар және 65 жастан жоғарылар.

Алматыдағы додаға қатысушылар қатарында қазақстандық Елена Анкудинова мен Айтқазы Баймұрзин, австралиялық Хелен Миллиган және тағы басқа атақты шахматшылар бар.