• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Қыркүйек, 2019

Қазақстанның ең қарт тұрғыны Алматыда тұрады

960 рет
көрсетілді

Ғасырдан артық ғұмыр кешкен, жасы 106-дағы кейуана  Алматы қаласының Медеу ауданында тұрады. Cөзден де, есінен де жаңылмай, бір ғасырлық белдеуден аттап өткен қарияны аудан әкімі қала күнімен құттықтады. 

Күніш Ахмедова 22 жыл қатарынан қалалық, аудандық, сондай-ақ Алматы облыстық кеңестерінің депутаты, партия комитетінің бюро мүшесі, «Құрмет белгісі» орденінің иегері.   

Медеу ауданы әкімінің басшылығы Аудан әкімі «екі ғасырды тоғыстырған» қария анаға ақ жаулық пен қазақы шапан жауып, қазыналы қарияның көңілін Алатаудың төріне  қондырды. «Халықтың мүддесін қорғап отырыңдар, солардан алғыс алыңдар»,  деді 106 жастағы қарт ана Күніш Хасанқызы.

Ал Медеу ауданының әкімдігі осындай «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сай, мерекелік іс-шаралар барысында ауданның еңбек сіңірген қарияларын әрдайым естен шығармай, ұлықтап отыратындарын айтты.

«Кейуанамыз  106-ға келген Күніш Хасанқызын құттықтауға келіп отырмыз. Бүгін екі ғасырдың өкілдері жүздескен тарихи сәт болды», деді Медеу ауданы әкімі аппаратының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сәкен Аралбаев.

 

АЛМАТЫ