Байқауда «Үздік орындаушы» болғаны үшін жүлделі орындар қарастырылған:
1 орын - 750 мың теңге;
2 орын - 400 мың теңге;
3 орын - 200 мың теңге;
«Алматы туралы үздік ән» сыйақысы - 500 мың теңге.
Фестивалге қатысушылар саны шектеулі. Жеімпазды көрермендер шараның сайтында онлайн дауыс беру арқылы анықтайды. Өнер жолына енді ғана аяқ басқан жас өнерпаздардан бөлек фестивалге JCS тобы, Әлішер Сулейменов, Олжас Байқанов, Жандос Естай, Жеңіс Нұрғали, Гүлнар Көшенова секілді белгілі өнер жұлдыздары қатысады.
Алматы әкімдігі баспасөз қызметі таратқан дерекөзде фестивалдің басталу уақыты мен өтетін жері күндізгі сағат сағат 16:00-де Панфилов -Қарасай батыр көшелерінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер жолы деп көрсетілген.
АЛМАТЫ