• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Руханият 15 Қыркүйек, 2019

Мемлекет қайраткері Ерік Асанбаевқа туған жерінде ескерткіш орнатылды

596 рет
көрсетілді

Қостанай облысындағы Әулиекөл ауданының орталығында белгілі мемлекет қайраткері Ерік Асанбаевқа орнатылған ескерткіш-мүсіннің ашылу салтанаты өтті. Экономист ғалым Ерік Асанбаев еліміз Тәуелсіздігінің іргетасын қаласқандардың бірі. Ол сонау нарық екі өкпеден қысқан қиын жылдары өте жауапты жоғары лауазымдық қызметтер атқарды. Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшісі қызметінде жүргенде Берлин қаласында Абайға көше атын беруге көп еңбек сіңірді.

Ескерткіш-мүсіннің ашылу салтанатында аудан басшылары, Ерік Мағзұмұлының замандастары сөз алды. Ерік Асанбаевтың әкесі мен ағайындары еліміз Тәуелсіздігі үшін құрбан болған екен. Әкесі Мағзұм Асанбайұлы «халық жауы» деген айыппен нақақтан атылып кетеді. Ағайын туысы Мырзағазы Есболұлы Алаш ардақтыларымен үзеңгілес жүрген, қазақ елі үшін нағыз күрескер болған адам еді. Ол да 30-жылдардың қуғын-сүргінінен тыс қалмады, жазықсыз атылады.

– Ерік Мағзұмұлы өте білімдар кісі еді. «Халық жауының» ұлы, туысы ретінде де көп сыры іште болды. Тәуелсіздігімізді алғанда ерекше қуанышпен, жігермен оның іргетасын бекітуге бар білімін, күшін сарқа еңбек етті, – деді ардагер замандасы Ысқақ Есіргепов.

Ерік Асанбаевқа ескерткіш-мүсінді оның балалары Мақсұт пен Мирас өз қаражаттарына орнатты. Жерлестері еліміз Тәуелсіздігіне қызмет еткен ұлының аруағына құрмет көрсетті.

Суретті түсірген автор

Қостанай