• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Руханият 16 Қыркүйек, 2019

Сүйегі асыл адам еді

1358 рет
көрсетілді

Әбілфайыз аға дүниеден озды! Ақ шашын артқа қайыра тәртіппен тараған, бір қарағанда тым қатал сияқты, ал шын мәнінде жан-дүниесі жайсаң, ерекше мейірім-шуақ иесі Әбекеңе шәкірт болған шақ­тарымыз кеше ғана сияқ­ты еді-ау! Ол кісі бізге «Га­зет­­ті безендіру техникасы», «Очерк», «Редактор мен кор­рек­торға қосымша көмек», «Сек­ретариат жұмысы», т.б. пән­дерден дәріс оқыды. Талап қоя­тын. Сол талаптың орындалуын қатаң қадағалайтын.

Жалпы ұстаздыққа тәжіри­бе­ден келген. Ал 1965 жылдан табан аудармай ҚазМУ-дің журналистика факультетінде аға оқытушы, деканның орынбасары, профессор болып қызмет атқарды. Мыңдаған шәкірттерге тәлім-тәрбие берді.

Қазіргі еліміздегі қалам ұста­ған қауымның көпшілігі Әбе­кеңнің шәкірттері.

Аса мазмұнды, мағыналы, өне­гелі өмір сүрді. 20-дан астам оқулық, оқу-әдістемелік кітап­тары жарық көрді.

Замандастарының ішінен Камал Смайылов­пен ерекше сыйлас дос болды. Әзілхан Нұрша­йы­қовпен сырлас болды. Жоғары оқу орнындағы еңбегі жоғары бағаланып, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің «Айрықша еңбегі үшін», «әл-Фарабидің» Үлкен Алтын медалімен» марапатталды.Өмірінің соңына дейін әдеб­иет пен өнер саласындағы Пре­зи­дент стипендиясының иегері болды.

Мен университетті бітір­­ген­нен кейін оқы­тушы­лық қызметте жүргенде, Әбекеңнің қасы­на көп ердім, көп ақыл-кеңе­­сін тыңдадым. Мені туған баласындай жақсы көр­ді. Бәкі­жан деп ат қой­ған жал­ғыз адам еді!

Ол кісінің шын туған уақы­ты 1928 жылы екен. Сонда 91 жасында дүниеден озып отыр.Мұндай 90-нан асқан абыз ақсақалдарымыз біз үшін аса қадірлі жандар. Сүйегі асыл адам еді! – дейді қазақ ондай жан­дарды.

Әбекең кім болса да алды­на келген қазақ баласына көмек­те­сіп жіберетін, жан баласына қиянат жасап көрмеген қара­па­йым, кішіпейіл, адал азамат еді! Өзі де киелі Торғай өңірінің тү­легі, текті азамат бола­тын.

Қанша жас шуағыңнан пайда көрді,

КазГУдей жайлап өттің бай мекенді.

Жадыңнан тастамадың Әуезовті,

Аузыңнан тастамадың Қайре­кеңді (Бекхожин).

Сіз жайлы Ұстаз деп біз сөз етейік,

Көненің бізге жеткен көзі етейік.

Алтай деп еркелетті Аман­до­сов,

Алпан деп сыйлап өтті Қожакеев.

Бола алмас маңдайыңдай өзге маңдай,

Қақтырмай қанаттыға, сөзге қалмай,

Өсірдің тұмсықтыға шоқыт­тыр­май,

Қазақтың бар баласын өз балаңдай.

Бір өзің Тобыл-Торғай арнасы едің,

Қиянатың болған жоқ  жанға сенің.

Ыбырай ауылында туған тектім,

Ақаң мен Жақаңдардың жалғасы едің.

Атыңды жалпақ  жұртқа таратайын,

Сіз-бәйтерек, біз едік-бала қайың.

Аттандың Алматыңнан жәннатыңа,

Бақұл бол, жаны жайсаң Ағатайым!

 

 Бауыржан Жақып