• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Спорт 16 Қыркүйек, 2019

ӘЧ-2019. Үш боксшы да жеңіске жетті

1294 рет
көрсетілді

Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан ересектер арасындағы әлем чемпионатының жетінші күнінде үш қазақстандық боксшы жарыс жолына шығып, үшеуі де жеңіске жетті.

Ең алғаш шаршы алаңға күндізгі сессияда 2017 жылғы әлем чемпионы Қайрат Ерәлиев шықты. Ол 52 кило салмақта Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған Йоэль Финольмен жұдырықтасып, 3:2 есебімен басым түсті. Чемпионаттың 1/8 бәсекесінде Ерәлиев 2015 жылғы Азия чемпионы, 2013 жылы Алматыда өткен әлем біріншілігінің қола жүлдегері тайландтық Чатчай Бутдимен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек ертең өтеді.

Кешкі сессияда 81 кило салмақта сынға түскен Бекзат Нұрдәулетов екінші рет шаршы алаңға көтеріліп, бұл жолы да қарсыласынан басым түсті. Венесуэлалық Налек Баррерамен кездескен отандасымыз екінші раунда Баррераны нокдаунға жіберіп, үшінші раундта да өз басымдығын байқатты. Төрешілер бірауыздан Бекзат Нұрдәулетовті жеңімпаз деп таныды. Есеп – 5:0. Келесі айналымда Бекзат Бразилия боксшысымен жұдырықтасады.

91 кило салмақтағы Василий Левит әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін словакиялық Давид Михалекпен өткізіп, қарсыласын айқын басымдықпен жеңіді. Левит келесі кездесуін ертең украиналық Марат Григорянға қарсы өткізеді.