Нұр-Сұлтанда күрес түрлерінен әлем чемпионаты жалғасуда. Жарыстың үшінші күнінде үш олимпиадалық салмақ бойынша грек-рим күресінің шеберлері кілемге шығады, деп хабарлайды Olympic.kz.
77 килода белдесетін Асхат Ділмұхамедов екі дүркін Олимпиада чемпионы, ресейлік Роман Власовты 3:0 есебімен жеңді. Бұл турнирдің басты сенсацияларының бірі десек, артық емес. Бірінші белдесуде чехиялық балуанды таза ұтқан Асхат енді сербиялық балуанмен кездеседі.
130 килоға дейінгі салмақтағы қазақстандық балуан Мансұр Шадкуаев бірінші айналымда финляндиялық қарсыласы Консты Йоханнес Маенпаяиді жеңгенімен, екінші айналымда қырғызстандық балуаннан 1:2 есебімен жеңіліп қалды.
Сондай-ақ 60 килода белдесетін Мейрамбек Айнағұлов әлем чемпионатын сәтті бастады. Ол бразилиялық алғашқы қарсыласы Марат Гариповты 9:0 есебімен айқын басымдықпен жеңсе, екінші айналымда литвалық Юстас Петравичюстан 4:2 есебімен басым түсті.
ФОТО: Данияр Майлыбаев