• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Руханият 17 Қыркүйек, 2019

Мәжілісте көрнекті мемлекет қайраткері Марат Оспановты еске алу шарасы өтті

209 рет
көрсетілді

Бүгін көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Марат Оспановтың туғанына 70 жыл толуына орай Мәжілісте сурет көрмесі өтті. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шараға Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс депутаттары және марқұмның отбасы мүшелері қатысты.

Палата Спикері жиналғандар алдында Марат Оспановтың Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді серігі бола жүріп, егемен еліміздің дамуына, Қазақстанда парламентаризмді қалыптастыруға қосқан зор рөлі туралы баяндады.

Сонымен бірге өзінің қайсарлығымен, турашылдығымен Елбасы тапсырған әрбір істі сындарлы және тиімді орындап, тәуелсіз Қазақстанымыздың игілігі жолында аянбай қызмет еткенін айтты.

Мәжіліс Спикері атап өткендей, бұл көрме Марат Оспановтың туғанына 70 жыл толуына арналған кешенді шаралардың алғашқы қадамы. Алдағы уақытта көптеген жұмыстар жоспарланған.

Көрмеде Мәжіліс депутаттары және Марат Оспановтың жары Бақыт Ахметқалиқызы сөз алып, саяси қайраткердің өмірі, елеулі еңбектері мен ғылыми қызметі жөнінде, адамдық ізгі қасиеттері туралы жан-жақты баяндады. Көрмеге Марат Тұрдыбекұлының бала кезінен Мәжіліс Төрағалығына дейінгі өмір жолынан сыр шертетін суреттер қойылды.