Дүйсенбі, 7 қаңтар 2013 11:23
СУРЕТТІҢ СЫРЫ
Бiрде Мәкең жазушы Ғабит Мүсiреповпен суретке түседi. Кейiн суреттi көрген көңiлi жақын бiреу:
– Мәке, Ғабеңмен суретке түсiпсiз ғой, – дейдi сүйiнiшпен.
Дүйсенбі, 7 қаңтар 2013 11:23
СУРЕТТІҢ СЫРЫ
Бiрде Мәкең жазушы Ғабит Мүсiреповпен суретке түседi. Кейiн суреттi көрген көңiлi жақын бiреу:
– Мәке, Ғабеңмен суретке түсiпсiз ғой, – дейдi сүйiнiшпен.
Сонда, Мәкең:
– Осы суреттi көргендер, менi танитыны: “Мәкең бәле екен, Ғабитпен құшақтасып суретке түсiптi” деп жүр екен, ал Ғабеңдi танитындар: “Ойбай, Ғабең бәле екен, Никита Сергеевичтiң өзiмен құшақтасып суретке түсiптi ғой” дейтiн көрiнедi, – деп күлдiрiптi.
АУТБір совхоздың жұмысшылар комитетінің төрағасы Әбекеңе шағым айта келіп:
– Мен тура футболдың добы болдым, біресе ана совхозға, біресе мына совхозға ауыстыра бересіздер. Бұған қашан тоқтау болады? – деп ренжіген көрінеді. Сонда Әбекең:
– Доп болып ішімізде домалап жүре бергеніңе риза болмайсың ба, бір күні бөтен біреу келіп, қаттырақ теуіп жіберсе, мүлдем аутқа шығып кетесің ғой! – депті.
САҚТЫҚ
Әбекеңнің шофері жас жігіт екен, мәшинені ұшыртып айдап келе жатыпты. Бір кезде ауыл шетіндегі моланың тұсынан өтіп бара жатқанда, ол шоферінің құлағына жақындап, жай ғана:
– Мына марқұмдардың қатарына мерзімінен бұрын қосылып жүрмейік, – депті сыбырлап.
АРАҚ
Заманның тыныш кезiнде Жаңақорғанның бiраз жiгiтi iшiнде Манап ақын, Есiркеп Қонқабаев дейтiн ақын бар, тау қойнауына демалуға шығады.
Қуақылау бiр жiгiт “Есаға, Мәке, бұрын қазақта арақ болмаған екен, Дальдiң түсiндiрмесiнде де, орысша-қазақша сөздiкте де байқамадық. Сонда шараптан басқаны бiлмейтiн қазақта “арақ” деген атау қалай пайда болған?” дейдi.Есiркеп ақын жұлып алғандай:
– Ой, жiгiттер-ай, ол “Айқайлап, рахаттанып ауылға қайтамын” деген сөздердiң бас әрiптерiнен құралған сөз ғой, – дейдi.
Сонда, Мәкең мырс етiп:
– Әй, Есаға, олай емес шығар “Айқайлап рахаттансаң ақыры қамаларсың” деген сөз болуы да мүмкiн ғой, – деген екен.
ДайындағанБерік САДЫР