Президент Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды. Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында жазды.
«Мемлекет басшысы облыстың бірқатар ауыл шаруашылығы мен индустриялық нысандарын аралайды. Сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөнінде республикалық кеңес өткізеді деп жоспарлануда», деп жазды Берік Уәли.