Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мобильді доктор тәжірибесін енгізу қажеттігін атады. Бұл туралы Ақорданың Twitter-дегі парақшасында жарияланды.
«Медициналық қызметтердің қолжетімділігі маңызды мәселе болып тұр. Мобильді доктор тәжірибесін енгізіп, қашықтықтан медициналық қызметтерді дамыту қажет. Бұл мақсаттарға 2020 жылға дейін 27 млрд теңге бөлінеді», деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.