• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Қыркүйек, 2019

Елордаға әлемдік діндер өкілдері келді

345 рет
көрсетілді

18 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы - Хатшылық басшысы Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен Әлемдік және дәстүрлі діндер Съезі Хатшылығының XVIII отырысы болады. Жиынға қатысушылар алда өтетін Съезд жұмысын пысықтап, ұйымдастыру мәселелерін талқылайды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Отырысқа 19 елден келген түрлі діндер өкілдері мен көшбасшылары қатысады. Олардың қатарында Қытай, Оңтүстік Корея, Тайланд, Ресей, Мысыр, Сауд Арабиясы, Пәкістан, Ватикан, Ұлыбритания және тағы басқа да елдер бар. Барлық діндер өкілдері елордаға келіп болды.

Күн тәртібі бойынша Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI Съезінің қорытындысы мен Хатшылықтың алдағы шаралары талқыға салынады. Сондай-ақ алдағы VII Съезд бен Хатшылықтың XIX отырысы өтетін күні белгіленетін болады.

Бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында ертеңгі өтетін Хатшылық отырысына әзірлік жұмыстары басталды. Қатысушылар әдеттегідей «Атриум» залында бас қосады. Мұнда қазір соңғы дайындық жұмыстары жүруде: орындықтар қойылып, дыбыс және жарық жабдықтары тексерілуде.

Әлемдік діндер өкілдері үшін арнайы ғибадат бөлмелері белгіленді. Бұқаралық ақпарат өкілдеріне арнайы баспасөз орталығы жасақталып, қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуге және тікелей эфир арқылы қатысушыларды тыңдауға мүмкіндік бар.

«Н.Назарбаевтың конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығының» Басқарма төрағасы Алтай Әбибуллаевтың айтуынша, дінаралық, дәстүраралық бөліктерді ілгерілетудің қазақстандық үлгісі біздің еліміздің бейбітшілік пен өзара түсіністікті қамтамасыз етудегі ерекше бейнесі болып табылады. 

«Әлемдегі түрлі діндер көшбасшылары мен өкілдері арасында дәл осы рухани дипломатия арқылы диалог орнату мен дамытуға Қазақстан белсенді үлес қосып келе жатқаны Сіздерге белгілі», деді Алтай Әбибуллаев.