• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Президент 18 Қыркүйек, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев С.М. Киров атындағы зауытқа барды

245 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы кәсіпорынның өнімдерімен танысып, көпқабатты баспа тақтасын шығаратын және бөлшектерді құрастыратын цехтарды аралап көрді. Президентке компанияның қазіргі жұмыстарының есебі беріліп, кәсіпорынның технологиялық тұрғыдан одан әрі жаңғыртылу жоспары баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кәсіпорын директоры Амангелді Арғынбаевтың айтуынша, елімізде алғаш рет көпқабатты баспа тақтасын өндіру ісінің жедел іске қосылуы әлемдік стандартқа сәйкес бұйымдар шығаруға мүмкіндік береді. Бұл республика экономикасының түрлі салаларында қолданылып, келешекте экспортқа шығарылатын болады.

500-ден астам адам жұмыс істейтін кәсіпорын одандық машина жасау саласының көшбасшысы саналады. Зауыт темір жол, мұнай-газ, энергетика салаларында пайдалану үшін азаматтық және әскери мақсатқа арналған 100-ден астам өнім түрін шығарады.