• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
Президент 18 Қыркүйек, 2019

Қазақстан Президенті «Радуга» ЖШС-нің өндірістік әлеуетімен танысты

253 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы өңірге жұмыс сапары барысында металл пластикалық өнімдер шығаратын «Радуга» зауытына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өндірістік цехтар таныстырылды. Президентке компанияның жұмысы туралы мәлімет беріліп, шығаратын өнімдері көрсетілді.

Кәсіпорын директоры Дмитрий Шарапаев зауытта 1,5 мың адам жұмыс істейтінін, өнімнің 500-ден астам түрі шығарылатынын айтты. Компания шығаратын өнімдер еліміздің барлық аймақтарына жөнелтіледі, сондай-ақ, Ресейдің ірі қалаларына да экспортталады.