• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт 18 Қыркүйек, 2019

Қанат Ислам Уолтер Каутондоквамен кездеседі

757 рет
көрсетілді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (26-0, 21 KO) келесі жекпе-жегін 26 қазан күні Алматы қаласында өткізеді. Бұл туралы боксшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Кәсіпқой бокс кешінде отандасымыз нами­биялық Уолтер Каутондоквамен (18-1, 17 КО) кездеседі. Бұл жекпе-жекте Қанат Ислам өзінің бірінші орта салмақта WBO International бел­дігін қорғайды. Каутондоква әлемдік Boxrec сайтының мәліметі бойынша, үздік ТОП-30 бокс­шының қатарында. Ол рейтингте 24-орында тұр. Ал WBO нұсқасы бойынша ТОП-10 боксшының тізімінде 10-шы сатыға жайғасқан.

Естеріңізге сала кетсек, Уолтер Каутон­доква 2018 жылы WBO-ның орта салмақтағы чемпионы Деметриус Андрадемен (26-0, 17КО) кездесіп, жеңіліп қалған болатын. Бұл намбиялық боксшының спорт жолындағы әзірге жалғыз жеңілісі.