• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Қыркүйек, 2019

Алматыға Жапонияның сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласының танымал сарапшысы келді

241 рет
көрсетілді

«Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жапондық сарапшымен жер сілкінісі туралы алдын-ала ескерту жүйесін орнатуды талқылады» деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметі.

Алматы әкімдігі бұл мәселені кеше кешкісін  Challenge Co., Ltd бас директоры Kазуо Сасакимен кездесуі кезінде талқылады.

« Алматыда жер сілкінісі туралы алдын-ала хабарлайтын жүйені орнату туралы мәселені талқыладық. Сасаки мырза — сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласының танымал сарапшысы, жобаның серіктесі болуға дайын. Ол әлемдегі неғұрлым сейсмикалық қауіпті аймақтарда қолданылған қондырғының артықшылықтары туралы айтты»,  деп жазды Алматы әкімі Instagram -дағы парақшасында.

Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, Алматыдағы сейсмология институты мамандарының мәліметіне сәйкес қалада 25-35 станса орнату қажет.