Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылсын», делінген хабарламада.