• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Руханият 22 Қыркүйек, 2019

Талдықорғанда Абайға арналған республикалық байқау өтті

505 рет
көрсетілді

Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті ұйымдастыратын дәстүрлі Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы биыл Талдықорған қаласында өтті.

Облыс орталығындағы Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында шымылдық түрген көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауына еліміздің облыстары және Нұр- Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында өткен конкурстардың 16 жеңімпазы келіп, бақ сынасты.Ұлы Абай және басқа да қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларын орындау арқылы қазақтың көркем әдебиетіне жастардың ықыласын арттыруды мақсат еткен байқау тартымды өтті.  

Биылғы байқауда Бейімбет Майлиннің, Сәкен Сейфуллиннің, Ілияс Жансүгіровтың, Сәбит Дөнентаевтың 125 жылдығы мен Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай көркемдігі жоғары проза, поэзия үлгілерінен үзінді оқу шарт болды.

Байқау барысында көрермендерді оқу шеберлігімен тәнтті еткен Айжан Алхабек, Айсана Әшімхан,  Мәди Сәулебек, Ерлан Нұрланов, Әлия Болатова, Ербақ Құрметжан мәтін мазмұнына сай сахналық қимыл жасап, туындыны мәнеріне жеткізе орындады.

- «Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы – заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып жаңғырып, жаңа өріс алып тұр» деген Мұхтар Әуезов. Бұл байқауда қазақ әдебиетіне, озық шығармаларға деге жас буынның ынтасын байқадық. Осыған қуандық. Байқаудың миссияы орындалды деп ойлаймын, - деді қазылар алқасының төрағасы, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың игері Тыныштықбек Әбдікәкімұлы.

Байқаудың қортындысы бойынша бас жүлде Айжан Алхабекке бұйырып, бірінші жүлде Мәди Сәулебекке, ал екінші Ербақ Құрметжанға бұйырды. Екі үшінші жүлдені Әлия Болатова мен Айсана Әшімхан өзара бөлісті. Сондай-ақ байқаудың барлық жеңімпаздары дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.