• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Руханият 06 Ақпан, 2020

Рекорд орнатқан ғарышкер әйел Жерге оралды

1633 рет
көрсетілді

Бүгін «Союз МС-13» ғарыш кемесіндегі экспедицияның үш мүшесі Жезқазған қаласынан 145 шақырым Жерге қонды. Бұл туралы gordonua агенттігі хабарлады.

«Барлық жерге қону операциялары қалыпты режимде өтті. Ресейлік ғарышкер Александр Скворцовтың, итальялық астронавт Лука Пармитаноның және NASA астронавты Кристина Кохтың денсаулығы жақсы», - делінген хабарламада.

Скворцов пен Пармитано ғарышта 200 күн 16 сағат, ал Кох 328 күн 14 сағат болды. Кристина Кох әйел ғарышкерлер арасындағы орбиталық ұшу рекордын жаңартты.

Алдыңғы рекордты ғарышта 288 күн болған Пегги Уитсон орнатқан болатын. «Союз МС-13» ғарыш кемесі 2019 жылдың 21 шілдесінен бері Халықаралық ғарыш станциясында болды. Ал Кох 2019 жылы 14 наурызда ғарыш кемесінің бортинженері ретінде аттанған болатын.