• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Руханият 23 Қыркүйек, 2019

«Жібек сатыны» Санкт-Петербург сахнасында қояды

215 рет
көрсетілді

«Астана Опера» шығармашылық ұжымы Нева өзені бойындағы қалаға гастрольге аттанады. IV Халықаралық камералық опера фестивалі аясында елордалық труппа Дж.Россинидің «Жібек саты» опера-фарсын ұсынады.

20 қазанда «Санктъ-Петер­бургъ Опера» мемле­кеттік камералық музыкалық театр залында аншлаг күтілуде: петер­борлық көрермендер бір ай бұрын барлық билеттерді сатып алған көрінеді.

Жетінші театр маусы­мының гастрольдік кестесін ашатын «Санктъ-Петербургъ Опера» сахнасындағы өнер көрсету Ресейдің халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мем­лекеттік сыйлығының лау­реаты Юрий Исаакович Алек­сандровтың шақыртуы арқасында өтеді. Гастрольді ұйымдастыру бойынша бар­лық шығындарды Санкт-Петербург театры толығымен өз мойнына алған.

–Біздің труппа мен көр­некті ресейлік режиссер ара­сын тығыз көпжылдық достық байланыстыратынын атап өткен жөн. Талғампаз петерборлық көрермен алдында өнер көрсету біз үшін үлкен құрмет әрі жауапкершілік, спектакль үлкен жетістікпен өтетініне сенім білдіреміз, – деді «Астана Опера» театры­ның директоры, Қазақ­станның еңбек сіңірген қай­раткері Ғалым Ахмедьяров.

Басты партияларды орын­дауға «Астана Опера» жетекші солистері, қазақстандық опе­ра жұлдыздары да­йындалуда: Джулия – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бақтай, Дорвиль – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жан Тапин, Джер­мано – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мем­ле­кеттік сыйлығының лау­реаты Сүн­дет Байғожин. Спек­­такль­ге, сондай-ақ театр­дың басқа да дарынды солистері қаты­сады.

Ал 9 және 10 қарашада «Санктъ-Петербургъ Опера» мемле­кеттік камералық музы­калық театрдың шығар­ма­шылық ұжымы өз кезегінде Қазақ­станның астанасына гастроль­мен келеді. Алғаш рет «Ас­тана Опера» сахнасында әртіс­тер әлемдік опера өнерінің жауһарлары – Дж.Вердидің «Ри­голетто» жә­не Ж.Бизенің «Інжу із­деу­ші­лер» туындыларын ұсы­нады.

«Егемен-ақпарат»