Операторы «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылатын Baiterek Venture Fund АҚ-ның бұл бағдарламасы кәсіпкерліктің тұрақты өсімін қамтамасыз етуге бағытталған.
Кәсіпкерлер капиталға құюдың арқасында тиімді шарттармен: теңгемен жылдық 8%-ға дейін, 10 жылға дейінгі мерзімде баламалы қаржы көздеріне ие бола алады. Бұл ретте Baiterek Venture Fund компанияларды олардың капиталдағы қатысу үлестерін 49%-дан артық емес мөлшерде ВТБ Банкі (Қазақстан) кепілдігімен сатып алу арқылы қор жинайтын болады. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін инвестиция сомасы 1 млрд теңгеден аспауы қажет.
– Біз Baiterek Venture Fund-пен келісімге қол қойдық, оған сәйкес банк капиталға жеңілдікпен қаржыландыру бағдарламасының шарттарын қолдануды ұйғарған компаниялардың жобаларын өздігінен іріктеп алады және Baiterek Venture Fund пайдасына қарай кепілдік шығарады. Инвестициялаудың мұндай түрі – бұл мемлекеттік даму институттары мен коммерциялық банктердің арасындағы тиімді өзара әрекеттесудің мысалы, сондай-ақ ШОБ секторын дамытудың өтімді тәсілі, – деді ВТБ Банкі (Қазақстан) Басқарма Мүшесі Игорь Ли. – Біздің банк - еліміздегі кәсіпкерлікті дамытуға және берік ШОБ секторын құруға бағытталған 13 мемлекеттік бағдарламаның белсенді қатысушысы. Біз клиенттерімізге отандық нарықта ұсынылған кез келген мүмкін болатын құралдармен көмектесуге дайынбыз.
Оператор ретінде Baiterek Venture Fund АҚ танылатын, екінші деңгейдегі банктер арқылы капиталға жеңілдікпен қаржыландыру бағдарламасын іске асыруға 30 млрд теңге бөлінді – бұл «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ қаражаты. Жобаның негізгі мақсаты – экономиканың шикізаттық емес салаларын дамыту, шикізат емес өнімнің экспортын қолдау, жұмысбастылық деңгейін арттыру.
Бағдарлама механизмі бірнеше кезеңді көздейді: алдымен кәсіпкер кепілдік алуға өтініммен банкке жүгінуі және өз компаниясын бағалауы қажет, содан соң банк бизнеске сараптама жүргізеді; кәсіпкер банктен хат алғаннан кейін Baiterek Venture Fund-ке өтінім бере алады, кейін қор өзінің жедел-талдауын жүргізеді. Егер екі сараптаманың да нәтижелері оң болса, онда кәсіпкер, банк және қор арасында қаржыландыру туралы құжаттарға қол қойылады және қаражат бөлінеді.
АЛМАТЫ