• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Қыркүйек, 2019

Ли Чжаньшу Нұрсұлтан Назарбаевқа Си Цзиньпиннің жылы лебізін жеткізді

162 рет
көрсетілді

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшумен кездесті деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қатынастардың ерекше достық сипатын атап өтті.

– Тәуелсіздік жылдарында біз Қытай Халық Республикасымен ең жақын достық қатынастар орнаттық. Біздің қатынастарымыз басқа елдер үшін тату көршіліктің үлгісі болып табылады. Төраға Си Цзиньпинмен ерекше қарым-қатынастамын және мен оны өте жоғары бағалаймын, - деді Елбасы.