• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Қыркүйек, 2019

Тілді білу – туған еліңді сүю

293 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауынан көп жайтты түсіндік. Жолдауда қоғам дамуының басты-басты бағыттары айқындалып, зор міндеттер жүктелгендігі белгілі.

Ең алдымен еліміздің тәуел­сіз­дік тәжін кигеннен бергі төрт­­күл дүниені тегіс тамсант­қан өсу-өркендеу жолын атап айт­пас­қа болмайды. Бұл ретте Қазақстан­ның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ке­мең­гер де көреген саясатына тәнті­міз. Алғашқы жылдардан бас­тап біртұтас Қазақ елі әлемдегі бе­дел­ді әрі орнықты мемлекетке ай­нал­ды. Жұдырықтай жұмылған тұтас­тығымыздың арқасында еліміздің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жақ­­сарып, болашақтың жолы баян­ды бола түсті. Ең бастысы, бей­біт еліміздің даму жолы барша әлем жұрт­шылығының назарына ілік­ті.

Қазақ елін мекендейтін жүзде­ген этностардың арасындағы қарым-қатынастың дәнекер жібі бұрынғыдан бетер нығая түсті.

Мәселен, біздің Көкшетау мен Қараөткел өңірін мекендейтін ат төбеліндей ғана чуваш этносының өкілдері ел егемендігін алғанша бірін-бірі туыс тұтып, ағайын санап іздей қойған жоқ еді. Егемендік бізге ең алдымен өз ұлтымызды, оның тарихын, бүгінгі болмысын танып-білуге, ертеңгі келешегіне сеніммен қарауға, нық басып, алға ұмтылуға мүмкіндік берді. Жасыратыны жоқ, бұрын орыс тілінде сөйлеп, орыс тілінде ойлап келген болатынбыз. Өзіміздің чуваш екенімізді білсек те, тілімізді, ділімізді ұмыттық. Еліміздің егемендік алуы біздің чуваш ұлты үшін ұлттық болмысымызды өзімізге қайтарғандығымен қымбат. Тәуелсіздіктің бізге берген бір сыйы сол.

Қазір Көкшетау қаласында чуваш мәдени орталығы өз ана тілін оқыту жұмыстарын жанданды­рып отыр. Жалғыз өз тілімізді ғана емес, қазақ тілін де оқып үй­­ре­нудеміз. Алдағы уақытта ла­тын графикасына көшетін бол­ған­­дық­тан, біздің орталық оқып үй­рену жұмыстарының басты бір ба­ғытын осы мәселеге бұрып отыр. Тілді үйрену арқылы біз жер­­гі­лікті ұлттың сан ғасыр бойы өзімен бірге жасасып келе жат­қан әдемі әдет-ғұрпын, салт-дәс­түрін үйренуге ұмтылудамыз. Об­лыс­та өтетін шаралардан сырт қал­май­мыз. Біздің чуваштың қыз-келін­шек­терін қазақтың қол өнері керемет қызықтырады. Шын­туайтына келгенде, арғы тамы­рымыз бір болғандықтан, қол­өнерімізде де, ас мәзірін дайындауда да, жалпы, тұрмыс-салтымызда көптеген ұқсастық бар. Өйткені біз ата салтының түбі бір ағайын елміз.

Жолдауда ел Президенті әлеу­меттік және этностық топтар арасындағы келісім бүкіл қоғам­ның бірлескен еңбегінің нәтижесі деп өте дұрыс айтты. Ұлы достық үлкен топтың, үлкен жүректі адам­дардың ғана қолынан келеді. Ал­дағы уақытта біздің чуваш орта­лығы ел бірлігін нығайта түсу үшін қызмет ететін болады.

 

Елена МАЩИНСКАЯ,

Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, Чуваш мәдени орталығының жетекшісі