• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Қыркүйек, 2019

Бүгін елордада Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесі өтеді

170 рет
көрсетілді

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Тұңғыш Президент-Елбасы Н. Назарбаевтың Еуразиялық идеясына 25 жыл толуына орай «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» тақырыбында Еуразия елдерінің парламенттері спикерлерінің IV кеңесі өтеді.

Жиынға 60-тан астам елдің парламенттік делегациялары мен 16 халықаралық ұйым өкілдері қатысады деп күтілуде. Форум барысында қатысушылар Еуразиялық кеңістікті тұрақты дамытудың ортақ көзқарастары мен жолдарын талқылайды.

Айта кетейік, Еуразиялық мемлекеттердің заңнамалық органдары басшыларымен жан-жақты диалог орнату мақсатында ұйымдастырылып жатқан форум биыл Қазақстанда алғаш рет өткелі тұр.