Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігінің үш бөлімшесінде жарықтандырудың жаңа жүйесі енгізілді. Мұнда «Энергетикалық қызмет көрсету келісімшартының механизміне сәйкес энергия үнемдейтін жарықдиодты шамдарды қолдану арқылы жарықтандыру жүйесін жаңғырту» жобасының бірінші кезеңі аяқталды.
Бүгінде ССКӨБ-тің металл илектеу, жөндеу-механикалық зауыттары мен шекемтас өндіру фабрикасының қызметкерлері энергия шығынын азайтып, жұмыс орнындағы өнімділік пен қауіпсіздікті арттыратын жарықпен жұмыс істеп келеді. Жаңа жо аясындағы сегіз айда барлығы 12007 шам ауыстырылса, соның 7831-і фабрикаға тиесілі. Орнатылған жарықдиодты шамдарды қазақстандық «PROLUX LЕD» кәсіпорны өндірді.
«Ұсынылған өнімдер 100 мың сағатқа дейін апатсыз жұмыс істей алады. Бұл дегеніміз – оларды 11 жыл үздіксіз пайдалануға болады деген сөз» деді «ССКӨБ» АҚ бас энергетик бөлімінің энергиямен қамтамасыз ету жөніндегі жетекші инженері Андрей Гарась. Жаңа шамдар бұрынғыларынан бірнеше өлшемдер бойынша озық тұр. Мәселен, сынап және сынап-вольфрам шамдарының жұмыс уақыты 1000 сағаттан аспайды және оларда «шамдардың тозуы» деген ұғым бар. Жарық тиімділігі уақыт өте келе 40 пайызға дейін нашарлайды. Жарықдиодты шамдарда мұндай кемшілік жоқ.
Мамандардың есептеуінше, жаңа жоба 3 жыл 4 айдың ішінде өзіне кеткен қаржыны, өзін-өзі ақтамақ.
Рудный