• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Саясат 24 Қыркүйек, 2019

Елбасы Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының спикері Мун Хи Сунмен кездесті

216 рет
көрсетілді

Бұл туралы elbasy.kz хабарлады.

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті мәртебелі мейманға Еуразия елдері спикерлерінің кеңесіне қатысқаны үшін алғыс білдірді.

– Тәуелсіздік жылдары Кореямен ең жылы қарым-қатынас орнатуға тырыстым. Бізде экономикалық ынтымақтастықтың үлкен бағдарламасы бар. Қазақстанда 100 мың кәріс ұлты тұрады. Бұл - біздің елдеріміздің арасындағы алтын көпір. Біз экономикалық және саяси ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделіміз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ Елбасы Оңтүстік және Солтүстік Корея арасындағы диалог орнату үдерісіне қолдау білдірді.

Өз кезегінде Мун Хи Сан Еуразия елдері спикерлері кеңесінің жоғары деңгейде өткенін атап өтті.

– Әлем халқының 75 пайызы Еуразия құрлығында тұрады. Әлемдік ЖІӨ-нің 60 пайызы Еуразияға тиесілі. Өздеріңіз білетіндей, Еуразияның ең шығыс шеті – ол Корея Республикасы. Қазақстан осы континенттің қақ ортасында. Біздің алғашқы отырысқа 19 мемлекет, екіншісіне - 27, үшіншісіне - 39 мемлекет қатысты. Бүгінгі басқосуға 55-тен астам мемлекет қатысуда. Бұл жетістік – Сіздің еңбегіңіз, - деді Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының спикері.