• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Қыркүйек, 2019

ХҚО мамандары ыммен қызмет көрсетеді

278 рет
көрсетілді

Биыл 1300-ден астам ХҚО маманы қазақша ишарат тілі курсынан өткен. Жыл сайын 23 қыркүйек – Халықаралық ым тілдері күні ретінде атап өтіледі. БҰҰ осынау арнайы датаны 2017 жылы белгілеген болатын.

Мұнан былайғы жерде Алматыдағы «Азаматтарға арналған үкімет» мем­лекет­тік корпорациясы ХҚО-ға­ жү­­гінетін есту қабі­леті на­шар аза­мат­тарға қазақ тілін­де ыммен қызмет көр­сете ала­ды.

Күн сайын еліміздегі 348 фронт-кеңсесіне мыңдаған қазақстандық мем­лекеттік тілде қызмет алуға ке­леді. Олардың сұранысын өтеп, са­палы қызмет көрсету – ХҚО қыз­меткерлерінің бас­ты міндеті. ХҚО-дан қыз­мет көрсетуді талап етіп келген жандар арасын­да ерекше қажеттілігі бар тұл­ғалар да бар. Есту қабілеті нашар адамдар үшін бұл кеңселерде ишарат тілін меңгерген мамандар қызмет көрсетеді.

«Әр күнін мүлгіген ты­ныштықта өткізетін жан­дар ХҚО сияқты мекемеге келіп, өзін түсіне алатын қызметкермен ыммен тіл­десіп, керек қызметін ала алады. Біз қашанда ерекше қа­жеттілігі бар тұлғаларға бар жағдайды жасауға тырысамыз. Арбамен жүре­тін­дер үшін пандустар, за­ғип­тар үшін брайль әліп­биіндегі жазулары бар тақ­тайшалар қойылған. Нашар еститіндерге сурдоаударма тілін меңгергендер қызмет көрсетеді», дейді басқарма төрайымы Әсемгүл Балта­шева.

Осылайша республика бойын­ша Халыққа қызмет көрсету орталық­тарының бөлімдерінде еңбектенетін 1300-ден астам қызметкер биыл ишарат тілін меңгеру курс­тарынан өткен. Олар­дың 1100-ден астамы арнаулы сер­­тификаттар алған. Оның ішінде Алматы қаласы бо­йын­ша 15 маман ымдау тілін мең­герді.

Мемлекеттік корпора­ция­ның Ал­маты қалалық филиалында қызмет ете­тін Арман Байділдаевтің айтуынша, ым тілін үйрену ұсы­нылғанда, ол бірден келісімін берген. Адамдарға көмектесу – бас­ты парызым, деп білген ол курстардан өту арқылы қызмет алуға келетін ерекше тұлғаларға пайдасын тигізе алатынын айтады. «Аз уақыт ішінде біз ым тіліндегі амандасу, қош­тасу, әріптер, сандар­ сияқты негізгі сөздері мен терминдерін меңгердік. Қыз­мет алушыларға қандай анық­тама, құжат қажет деп сұрай аламыз, мейлі ол жеке куәлік не паспорт болсын», – дейді Арман.

Айта кетейік, мемлекет­тік корпорацияда I, II, III топ мүгедектігі бар 745 жұ­мыскер еңбектенеді. Жұ­мыспен қам­­ту страте­гия­лық жоспарына сәй­кес, мүгедектігі бар қыз­мет­­кер­лердің жалпы штат кө­ле­­мін­дегі үлесі 4%-дан кем болмауы тиіс. III топ мүге­дек­тігі бар азаматтар мемле­кет­­­тік кор­порацияға еш конкурстық ірік­теусіз жұмысқа орналаса алады.

 

АЛМАТЫ