• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Қыркүйек, 2019

Ақтауда сарбаздар сақшыларға қонаққа келді

277 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысы Полиция департаменті қызметкерлері Ақтау қаласындағы 6656 және 2201 әскери бөлім қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.

Ішкі істер органдарына сарбаздарды қызметке шақыру мақсатындағы кездесуде сарбаздар Полиция департаментінің қызметімен танысып, мұражайын аралады. Оларға Ішкі істер органдарына қызметке тұрудағы талаптары түсіндірілді.

- Қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету – тәртіп сақшыларының басты міндеті. Сондықтан аса жауапты қызметте сақшылардан тиянақтылық, білімділік пен біліктілік талап етіледі. Қоғамға, халыққа қызмет ететін сақшылардың сапын лайықты жастармен толықтыру – маңызды міндеттердің бірі. Полиция департаментінде  полицейлермен өткен кездесу сарбаздар бойынша тәртіп сақшысы қызметіне деген қызығушылықты оятып, әскердегі мерзімді уақыты аяқталған соң, біздің қатарымызды толықтыруына қанаттандырады деп ойлаймын, - дейді Маңғыстау облыстық Полиция департаменті кадр саясаты басқармасы ұйымдастырушылық штаттық тобының ерекше тапсырмалар бойынша аға инспекторы полиция подполковнигі Т.Сералиев.