• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Тағайындау 25 Қыркүйек, 2019

Батыс Қазақстан облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

246 рет
көрсетілді

«100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес Президент Әкімшілігі келісімімен және әкімнің өкімімен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып Егізбаев Серік Рахметоллаұлы тағайындалды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Серік Рахметоллаұлы Егізбаев – 1963 жылы туған, білімі жоғары, Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын «агроном», Қазақ мемлекеттік заң академиясын «заңгер» мамандықтары және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Әр жылдары:

- БҚО әкімі аппараты бөлімінің бас инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары,

- Қаржы министрлігі департамент бөлімінің бастығы,

- Премьер-Министр кеңсесі әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің бас инспекторы, ұйымдастыру-инспекторлық және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы,

- Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы,  бөлім меңгерушісінің орынбасары,

- Ауыл шаруашылығының вице-министрі.

Күні бүгінге дейін «Qazaqstan» РТРК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.

Ол ішкі саясат, білім, жастар саясаты, мәдениет, дін істері, тілдерді дамыту салаларына жетекшілік ететін болады.