• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Президент 25 Қыркүйек, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев "Goldman Sachs" компаниясының президенті Дэвид Соломонмен кездесті

65 рет
көрсетілді

Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы қызметінің негізгі бағыттары, оның ішінде "Астана" халықаралық қаржы орталығының шеңберіндегі ынтымақтастық мәселесі талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Дэвид Соломонға компаниясының Қазақстандағы жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыруға қатысқаны, сондай-ақ, 2018 жылы АХҚО биржасы акционерлерінің қатарына кіргені үшін алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев "Goldman Sachs" компаниясымен ынтымақтаса отырып Қазақстанда жаңа жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты. Атап айтқанда, АХҚО-мен өзара іс-қимыл аясын кеңейту және қазақстандық компаниялардың IPO-ға шығуына жәрдемдесу мәселелерінде тығыз жұмыс істеуге ниет білдірді.

Соңғы жаңалықтар